Өлеңдер ✍️

  25.04.2021
  418


Нұрбол Аманбеков

8 наурыз

Көктемнің шуақты күндері
Ерекше құлпырған өздері
Мерекемен құттықтап,
Жолдаймын жалынды сөздерді:

Мерекесі көктемнің алғашқы
Қауызынан бүр жарып,гүл ашты
Сәулеленіп сіздер үшін
Күннің көзі шуақты нұрын шашты

От басына ұрыс емес,ырыс қонсын
От басында ауа райы дұрыс болсын
Әрдайым оңды іс пен
Бастарыңызға бармақтай бақ қонсын

Әйел – үйдің ынтымағы, бірлігі
Нұрландырып мына жалған өмірді
Сыйлаймыз біз сіздерге,
Мерекелік осы күнді !!!

Нұрға толсын әрбір атқан таңдарыңыз
Бірге болсын аңсаған арманымыз
Ерлер қауымы атынан,
Өздеріңізді құттықтап жатқанымыз!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу