27.03.2024
  54


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Қаншадамыз?
Үлкенiмiз Мүсiлiмнен
Дәп екi жас кiшiмiн мен.
Онға толып
Туған күнiн
Тойлап отыр Нұрлан iнiм.
Бойы озып тұрғанменен,
Үш жас кiшi Нұрлан менен.
Нұрланның дәл жарым жасын
Жасап отыр қарындасым.
Тапқыш болсаң, ал, сана,
бiз,
Әрқайсымыз қаншадамыз
?
(Бұл есеп басқаша, былай берiлсе,
Қандай тәсiлмен шешер едiң?)
Үлкенiмiз Мүсiлiмнен
Дәп екi жас кiшiмiн мен.
Бойы озып тұрғанменен,
Үш жас кiшi Нұрлан менен.
Нұрланның дәл жарым жасын
Жасап отыр қарындасым.
Жасымыздың бәрiн қоссаң,
Қырық үш дер ең жаңылмастан.
184 185
Көп ойланбай, ал, сана,
бiз,
Әрқайсымыз қаншадамыз
?
Бiрiншi есептiң шешуi: есепте тек Нұрланның жасы белгiлi.
Ол 10 жаста. Ендеше, мен 10 + 3 = 13-темiн де, Мүсiлiм 13 + 2 =
15-те. Қарындасым 10 : 2 = 5-те.
Екiншi есептiң шешуi: қарындасымның жасын х деп белгiлеп,
теңдеу құрамыз. Сонда:
қарындасым – х;
Нұрланның жасы – 2 х;
менiң жасым – 2х + 3;
Мүсiлiмнiң жасы – 2х + 3 + 2
Барлығымызыдың жасымызды қоссақ, 43 шығады ғой. Ендеше,
теңдеу былай құрылады.
х + 2 х + (2 х + 3) + (2 х + 3 + 2) = 43
х + 2 х + 2 х + 3 + 2 х + 3 +2 = 43
7 х + 8 = 43 - 8
7 х = 35 х = 5
Қарындасым 5-те екен. Ендi х-тiң орнына 5-тi қойып,
Нұрланның жасының 2 х 5 = 10-да, менiң жасымның 2 х 5 + 3 =
13-те, Мүсiлiмнiң жасының 2 х 3 х 5 + 3 + 2 = 15-те екенiн есептеп
шығарамыз. Сонда барлығымыздың жасымызды қоссақ, 43 болып
шықпай ма
?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу