26.03.2024
  43


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Бiз ойнаймыз, ойнаймыз

Қызық бiздiң аулада,
Алуан ойын ойнаймыз.
Астық тасып қамбаға,
Сабан тойын тойлаймыз.
Кеме жасап,
Теңiзде
Балық аулап ойнаймыз
.
Кеншi болып кен iздеп,
Тауды барлап ойнаймыз.
Архитектор, құрылысшы,
Малшы болып ойнаймыз
.
Темiржолшы, жұмысшы,
Әншi болып ойнаймыз.
Қиялменен
Келешек
Асуларға самғаймыз.
Ойнап жүрмiз демесек,
Ағалардан аумаймыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу