Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  67


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Не қалдырам...

Қысқа ғана өмірде зардап шеккен,


Не қалдырам соңымнан асау күшпен?


Қорқамын болашақтан суық желден.


Әдебиетті ұмытар жас жігіттен.


 


Таң бесігін аттырып жырын төккен,


Қанша ақын өз орнын таппай кеткен.


Қорқамын айтып келмес өлімімнен


Аяқталмас өлеңім өзгертілген.


 


Аздау ғұмыр берсеңде өзгермес ем,


Болашаққа хат жазып тастап кетем.


Өлең менің өмірім қарлығашым,


Өзегімді өртеп шыққан өз-өзімнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу