Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  75


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Айналайын

Мен оянғым келмейді бұл түсімнен...


Қос аққудай екеуміз бірге жүрген,


Мен оралғым келмейді шын өңіме,


Өзіңсің өмірімді тағы сүрген,


Мен көргім келеді тек өзіңді.


Көздеріңді,шуақты жанарыңды.


Мен сенің мөлдіріңе батқым келед,


Алыстатпай жақындатып қара мұңды,


Мен сенің өміріңе айналсам дейм.


Менсіз жүре алмайтын бола алсаң дейм,


Кей кездері қайтадан сағындырмай,


Әрдайым жанымнан табылсаң дейм.


Сен мені шынайы сүйіп өтсең.


Мән беріп жүрегіме үңілсең дейм,


Мен сенің оттегіңе айналайын,


Сен менсіз өмір сүре алмасаң дейм,


Мен сенің...Мен сенің бақытыңа айналайын.


Шуақ шашып күніңді тамамдайын,


Ұшып өткен құстанда аман сақтап.


Мен сенің қорғаныңа айналайын,


Шарпау бітіп өмірден түңілгенде.


Мен сенің қанатыңа айналайын,


Сөз таппай айтуға қиналғанда.


Мен сенің қаламыңа айналайын,


Айналайын өзіңнен айналайын.


Айнам болған сөзіңнен жай табайын,


Жанм сенің жүрегіңнен орын алып.


Мен сенің оттегіңе айналайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу