Өлеңдер ✍️

  20.03.2024
  61


Автор: Серікбол Валихан

Жаңбырда қалдым жейдешең

 


Толассыз жауған жаңбырдан,
Тағатсыз бақыт күтейін.
Нөсерге жалғыз қалдырған,
Тағдырға мынау нетейін.


Тамшыға телмір төзімім,
Үзіліп кетпе бірақ та.
Сетінеп сенде сезімім,
Қалдырып кетпе жыраққа.


Тағдырды қайтем шайқаған,
Тау тасқа ұрған басымды.
Есіме салдың қайтадан,
Жауынмен жуған жасымды.


Есіме түссең кейде сен,
Жанымды мұңдар жұлымдар.
Жаңбырда қалдым жейдешең,
Жылытар мені кімің бар.


Серікбол Валихан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу