14.03.2024
  53


Автор: Рамазан айы

Сұрақ: Тарауық тасбихын айту шариғатқа қайшы ма?

Жауап: тарауықтың әрбір төрт ракағатынан кейін және үтір намазынан бұрын төрт ракағат намаз мөлшеріндей отыру сәләф (алдыңғы буын) ғалымдарынан мұра ретінде жетіп келген. Әбу Ханифадан осылай риуаят етілген. Негізі «тәруиха» сөзі аздаған демалыс дегенді білдіреді. Оны жүзеге асыру үшін төрт ракағат намаздың уақытындай отырады. Мекке тұрғындары әр тарауықтың арасында кағбаны жеті рет тәуаф етсе, Мәдиналықтар жеке тұрып төрт ракағат намаз оқитын. Әр қала тұрғыны тәсбих тарта ма, тәһлил айта ма, үндемей күтіп отыра ма немесе жеке тұрып намаз оқи ма өз еркі[18].  


Сондықтан «тарауық тасбихы» шариғатқа қайшы емес. Демалып отырған кезде үш рет мына тәсбих оқылады: 


 سُبْحَانَ ذِى الْمُلْكِ وَالْمَلَكوُتِ، سُبْحَانَ ذِى الْعِزَّةِ وَالْعَظَمَةِ وَالْقُدْرَةِ وَالْكِبْرِيَاءِ وَالْجَبَرُوتِ، سُبْحَانَ الْمَلِكِ الْحَىِّ الَّذِى لاَ يَمُوتُ، سُبُّوحٌ قُدُّوسٌ رَبُّ الْمَلآئِكَةِ وَ الرُّوحِ، لاَ إِلٰهَ إِلاَّ اللهُ نَسْتَغْفِرُاللهَ، نَسْئَلُكَ الْجَنَّةَ وَ نَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ


 


Оқылуы: «Субхана зил-мулки уәл-мәләкут. Субхана зил-иззати уәл-азамати уәл-құдрати, уәл-кибрияи уәл-жәбәрут. Субханәл-мәликил-хайилләзи лә янаму уә ла ямут. Суббухун, қуддусун Раббуна уә Раббул мәләәикәти уәрруух. Лә иләһә илла Алла настағфируллаһ. Насәлукәл джанната уә нағузу бика минәннаар».


Мағынасы: Жердегі және аспандағы жаратылыстардың иесі – Алла Тағаланы әрқандай кемшіліктен пәк деп білемін. Үстемдік, ұлықтық, құдірет және жоғары мәртебелік иесі – Алла Тағаланы әрқандай нұқсаннан пәк деп білемін. Еш өлмейтін, мәңгі тірі, бүкіл әлемнің патшасы – Алла Тағаланы әрқандай айыптан пәк деп білемін. Ол мін-кемшіліктерден пәк әрі таза, періштелердің және Жәбірейілдің Раббысы, бір Алладан басқа құдай жоқ. Біз Алла Тағаладан күнәларымыздың кешірілуін сұраймыз. (О, Жаратқан Иеміз!) Сенен жәннатты сұраймыз, Саған тозақ отынан құтқар деп сиынамыз[19].


Тарауық намазы аяқталып, бесінші тәсбих айтылғаннан кейін мына дұға оқылады: 


 اَللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَ عَلى اٰلِ مُحَمَّدٍ وَ سَلِّمْ، اَللَّهُمَّ زَيِّنَّا بِزِينَةِ الإِيـمَانِ، وَ شَرِّفْنَا بِشَرَافَةِ الْهِدَايَةِ وَ الْعِرْفَانِ، وَ أَكْرِمْنَا بِصِيَامِ شَهْرِ رَمَضَانَ وَ ارْزُقْنَا الْجَنَّةَ وَ الْغُفْرَانَ، وَ تَقَبَّلْ مِنَّا تَرَاوِيحَنَا يَا سُبْحَانَ، وَ اسْتَجِبْ دُعَآئَنَا يَا حَنَّانُ، بِفَضْلِكَ وَ جُودِكَ يَا مَنَّانُ، بِرَحْمَتِكَ يَا أَرْحَمَ الرَّاحِمِينَ


 


Мағынасы: Иә, Алла! Мұхаммедті және оның қауымын рақым етіп, аман қыла гөр. Иә, Алла! Бізді иман зейнетіне, тура жол және танымдық шарапатына бөле, рамазан айының оразасымен сыйла, бізге жәннатты нәсіп ет, күнәларымызды кешір. Уа, пәк Алла, біздің оқыған тарауық намазымызды қабыл ет. Уа, рақымды әрі бізге сұрамастан алдын ала беретін Алла, Өзіңнің кеңшілігіңмен әрі жомарттығыңмен біздің дұғамызды қабыл ет! Уа, аса рақымдылардың рақымдысы! Барлық жақсылық Сенің рақымыңмен ғана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу