10.03.2024
  45


Автор: Наурыз мейрамы

Құтты болсын біздің жаңа жылымыз!

Наурыз келді ағайын, құтты болсын!
Денсаулық зор, әрдайым мықты болсын!
Көңіліңіз шаттықты күйге еніп,
Өміріңіз жанданып, күшті болсын!

Наурыз келді ағайын, құтты болсын!
Әрбір үйге шаттық пен бақыт болсын!
Ұлы күні Ұлыстың тербеп жанды,
Қуанышын көп сыйлар уақыт болсын!

Наурыз келді ағайын, құтты болсын!
Үйлеріңіз ән менен жырға толсын!
Салт-дәстүрі қазақтың естен кетпей,
Жадырасын жанымыз, нұрға толсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу