Эсселер ✍️

  07.03.2024
  75


Изтилебова Тойжан

Оян қазақ!

    Оян қазақ!


   Қазақ даласының теңдесі жоқ ұшқыр қырандарымен, дарабоз тарландарының елі мен жері үшін қасықтай қаны қалғанша күресіп жеңістің көк туын желбіреткен қайсар қазақтың ұрпағымыз. Біздің бойымызда Сарыарқаға Ұлы Дала елінің мәңгілік іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек хандардың, кең-байтақ қазақ даласына әділдік орнатқан би, төрелердің қаны бар. “Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы” демекші сол қайсар хандар салып кеткен жолмен жүріп келеміз.  Моңғол шапқыншылығы кезін де, қиын-қыстау заманның тұсында жесірін қаңғытпай, жетімін жылатпай аман есен елін қорғап қалған  Қабанбай мен Бөгенбай батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен ойып тұрып жазылған. Екі елдің дауын бір ауыз сөзбен шешкен Қазбек би, Төле мен Әйтеке би мәңгі жадымызда. Ел азаттығы үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан Кенесары хан мен Махамбет батырлардың қанмен сыйлаған жерінде бейбіт өмір сүріп келеміз. 18-20ғасырлар біздің мәңгі жадымызда күмбірлеп тұрады. Ендігі жерде Ресей еліне 70 жылдан астам бодан  болған қайран қазағымның  бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қайсар жастарын еске ала отырсақ.


Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,


Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.


Қайрат, Ләззат пен Сәбира


Құрбаны болған жаланың.


Деп, әлі күнге дейін көзімізге ыстық жаспен есімізге аламыз. Осыдан 26 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар ешқандай жаман ойсыз барған еді. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Қазақта елін-жерін, халқын жан жүрегімен сүйген, ұлтының азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын құрбан еткен атпал азаматтар аз емес. Сондай азаматтардың бірі - ұлтының басына сын сағат туғанда жас болса да бас бола білген, әділетсіздікке қасқая қарсы тұрып, азаматтық мінез танытқан Халық қаһарманы -


Қайрат Рысқұлбеков


Күнәдан таза басым бар,


Жиырма бірде жасым бар,


Қасқалдақтай қаным бар,


Бозторғайдай жаным бар.


Алам десең, алыңдар.


Қайрат деген атым бар,


Қазақ деген затым бар,


Еркек тоқты құрбандық.


Атам десең атыңдар!" - деп сот үкімін қасқайып қарсы алған өр тұлғалы Қ. Рысқұлбеков, қылышынан қан тамған қызыл империяның сан қилы қияңкескі әрекетін осы бір ауыз өлеңінің рухымен таптап тастаған тәрізді көрінеді де тұрады... Міне осындай батыр, жауынгерлермен, рухты тұлғалардың ұрпағы екеніме қуанамын.


Мен-кешегі қанды шайқаста ұлы ерлік көрсеткен Мәншүк пен Әлия әпкелердің, Бауыржан мен Талғаттай ағалардың кіндік қаны тамған жерде өмір сүрудемін.


Қазақтың қасиетін тану - Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу - Абай тағылымын бағамдаудан байқалмақ. Абай - қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі - халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар. (с) Мұхтар Мағауин.                              Абай, Шәкәрім, Ахметтер өр тұлға,рухы биік қазақтың ұлылары. Қазақты қазақ еткен осындай жазушылар мен ақындардың бізде елімізде туылып өскеніне таң қаламын. Біз сондай жақсылардың ұрпағы бола тұра, өз елімізге деген патриоттық сезімнің дәмін сезіне білетін ұрпақпыз.


Қазіргі 21 ғасыр батыры деп Дінмұхаммед Құдайбергеновты атап айтуға болады. Қытай Халық Республикасының үлкен сахнасында өз өнерін паш еткен бірден-бір жас әнші. Бүкіл әлемді қазақ деген ел бар екендігіне мойындата білген біздің мақтанышымыз. Сондықтан осындай жас талапкерлерді дайындау жолында тынбай еңбек ету міндет. Кемеңгер ұрпақтың ендігі мақсаты мен бағындарар белесі әлі алда.


         Естері халық ,тарихта қазақты ешкім ешуақытта жаулап алған жоқ. Жаулап алғысы келгендер ел ішіне іріткі салды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу