22.02.2024
  40


Автор: Бодо Шефер

Үлкен дағдарыс - 13 тарау

Үйге оралғанда, бір жайсыз оқиға болғанын бірден байқа-дым. Әкем қатты тұнжырап, үй ішінде теңселіп жүр, ал анам асүйде үстел үстіне бүгіліп отырып, қатты жылады. Мани ыңғай-сыз жағдайдан қашып, бақтағы бұталар арасына жасырынған. Мені көріп, ол бірден менің соңымнан үйге қарай жүрді.


Мен мұның себебін ақырын сұрадым. Жауап берудің орны-на анам одан бетер жылады. Ал әкем қиналған түрмен былай деді:


– Сен біздің үй сатып алу үшін несие алғанымызды білесің. Бірнеше айдан бері біз тиісті жарналарды төлей алмай жүрміз. Бүгін банктен өте қатал хат келді. Егер біз белгіленген мерзімге дейін төлемесек, несие шарты бұзылады.


– Сонда не болады? – деп сұрадым.


– Сонда бізден үйді алып қояды. Біз, әрине, бұл көп ақшаны таба алмаймыз.


Әкем көзіне жас алды. Ол кез– келген уақытта жылауға дайын сияқты көрінді.


– Содан кейін біз қайтадан кішкентай пәтерге көшуіміз керек. Қандай масқара! – анам жылап жіберді.


– Ал біз ешқашан қарыздан құтыла алмаймыз, – әкем қара түнді төндіре сөйледі.


– Ал өзімізді бәрінен шектеуге мәжбүр боламыз, – деп қосты анам.


– Олай     болмайды, – деп мен оларды тыныштандыруға тырыстым. Бірақ мен қазір көп нәрсеге қол жеткізе алмайты-нымды сезіндім. Сондықтан мен Маниді ертіп, орманға кеттім. Маған оның кеңесі өте қажет еді.


Біз баспанамызға кірдік. Ах, Мани маған бұл жерде ақша табудың алғашқы сабақтарын бұрын талай үйреткен. Содан бері не өзгерді.


– Сен осы уақыт ішінде көп нәрсені үйрендің, – деген Манидің дауысы естілді.


– Мен сенімен тағы сөйлесе алатыным қандай жақсы, – дедім мен оны еркелетіп құшақтап.


– Мен сенімен тек саған өте керек болғанда сөйлесуім керек, – деп жауап берді Лабрадор.


– Ал қазір мен саған өте мұқтажбын, – дедім мен нығарлап. – Шындығында, сен маған енді мүлде мұқтаж емессің.


Сен енді ақша туралы білімнің көбісін ауқатты адамдармен сөйлесуден аласың. Олар ең жақсы мұғалімдер. Саған бір ғана сабақ жетіспейді: ақшаны қалай орналастыруға болатыны. Бірақ сенің айналаңда саған көмектесуге дайын адамдар жеткілікті. Мен саған тек дұрыс бағытты ғана көрсетуім керек, ал қалғанын сен өзің де жасай аласың.


–    Маған     сенің    көмегің     керек,    әйтпесе     біз    үйден айырыламыз.


– Қандай бос сөз! – Мани мұрнын және жоғарғы ернін жиіркенішті нәрсе жегендей жиырды. – Сен ең маңызды нәрсені жасадың – ертең ата-анаң Голдштерн мырзамен кездесу туралы келісті. Ол бәрін ретке келтіре алады.


Мен бұл туралы мүлдем ұмытып кетіппін. Әрине, мен бұл адамға сене аламын. Әрине, ол менің ата-анама көмектесе алады. – Менің ойымша, сен қазір бай болу үшін тағы бір маңызды


дәлел таптың, – деді Мани.


Мен оған таңырқай қарадым.


– Басқаларға көмектесе алатын адам және оған сенетіндік-тен көмек алуға дайын адам болуы қажет, – деп түсіндірді Мани өз ойын.


– Мен Голдштерн мырзамен бірдей бола аламын деп ойлайсың ба? – мен таңырқай сұрадым.


– Әрі иә, әрі жоқ, – деп жауап берді ол. – Иә, өйткені сен қалағаныңның бәріне қол жеткізе аласың. Жоқ, өйткені сен Голдштерн мырзаға ұқсамайсың, сен өз бетіңше дамисың. Бірақ егер сен бастаған ісіңді жалғастыра берсең, сен одан кем емес жетістікке жете аласың.


Мен таң қалдым. Мен түсімде де мұны армандай алмас едім. Бірақ Мани жақсы білетін шығар. Мен оның сөздерін ертең «сәттілік» журналына жазып қояйын деп шештім. Бұл менің өмірімде естіген ең үлкен мақтау. Мен Голдштерн мырза сияқты жетістікке жете аламын. Қандай ой!


– Бұл тек сен қалаған нәрсені шешуге байланысты.


– Шешім қабылдау қиын емес, – дедім мен ойланбастан.


– Әрине, адамдардың көпшілігі дәл осылай жауап берер еді. Бірақ олардың барлығы қажет нәрсені жасауға дайын емес. Олар мақсатына жету үшін ұмтылуға дайын емес.


– Ал мен не істеуім керек?


– Сен қазірдің өзінде істеп жатқан нәрсе осы. Өмірде кейбір жетістіктерге жетіп, сәттілік журналына жазбалар жазуды тоқтатпау маңызды.


Мен тоқтамаймын деп сендірдім.


– Бұл сен ойлағандай оңай емес, – деді Мани шын жүрек-тен. – Табыс көбінесе адамды тырашқа айналдырады. Егер сен тәкаппар және менмен болсаң, онда сен үйренуді тоқтатасың. Ал кім оқуды тоқтатса, ол тұлға ретінде өсуді тоқтатады.


Ол сөзін үзіп, айтқан ойларын жақсылап түсінуге уақыт берді де, сөзін қайта жалғастырды:


– Сен сәттілік журналын жүргізуді жалғастыра берсең, сен өзің туралы, әлем туралы және сәттілік заңдылықтары туралы көбірек ойланасың. Нәтижесінде сен өзіңді және өз қалауыңды жақсы түсінесің. Бұл сені басқаларды да түсінуге қабілетті етеді. Өзіңді және ғаламның құпияларын толық түсіну – бұл ешқа-шан толық қол жеткізе алмайтын идеал. Бірақ оған бірте-бірте жақындауға болады.


«Бірақ менің сәттілік журналымды жүргізу маған үлкен қуаныш сыйлайды», – деп ойладым мен дауысымды шығарып.


– Жарайды! – Манидің дауысы өте байсалды естілді. – Бірақ, сонымен қатар, сен қиындықтардан қашуға құқығың жоқ. Қиындықтардан, қателіктерден немесе сәтсіздіктерден қорқу көптеген адамдардың өмірінің шырқын бұзған.


Мен қызарып кеттім:


– Мен қатты қорқатын нәрсе бар. Тіпті Хайнен ханым мен Ханенкамптың жұбайлары мені келісуге көндіргені де көмектес-педі – мен маниге банк кассирінің ұсынысы туралы айттым.


 


– Мен бұл кездесуде сөз сөйлеу керек екенін білемін. Бірақ мен тым қорқамын. Мен сөйлемеймін.


Мани жұмбақтай жауап қатты:


– Барайық, сәттілік журналын әкелейік.


Осыны айтқаннан кейін ол бұталарға барып тығылды. Мен оның артынан тұра жүгірдім. Қанша тез жүгірсем де, оны қуып жете алмадым. Мани үйге менен әлдеқайда ертерек келді. Мен журналды асығыс алдым да, біз қайтадан орманға жүгірдік. Мен баспанамызға жетіп, бір– ақ дем алдым.


Мен сәл есімді жиғандай, дамыл тапқан соң, Мани сөйлей бастады:


– Егер сен бірдеңені жеңе алмаймын деп ойласаң, сәттілік журналын қарап шығуың керек және болашақта бәрін жеңе алатыныңның дәлелдерін өткен өміріңнен іздеуің керек.


Мен журнал жазбаларын қарап шықтым. Мен қорыққанның бәрі әшейін жай ғана бірдемелер екен: мен Ханенкамп мырзаға Наполеонды серуендету туралы айтқан кезде, Голдштерн мырза-мен кездескен кезде. Жертөлеге бару да қорқынышты болды, ал анам менің арман құтыларымды тауып алған кездегідей маған тағы да күледі-ау деп ойлағанда. Мен Маниден ажырап қалудан қалай қорықтым...


– Ал сен кейде өзің ойлағаннан гөрі көп іс тындыра алам деп ойлайсың ба? – деп Мани қадала сұрады.


Ғажап! Мен алғаш рет жиналыста сөйлеуден онша қорқа қоймасымды сезіндім. Мен бұрынғы тындырған істерімді есіме түсірген сайын, бойыма сенімділік дари бастады. Кенет мен естен айырылардай қорқыныш сезінбейтінімді байқадым, тек не айтуым керек дегенді ойлап, қобалжыдым. Дегенмен, бұл да менің қолымнан келеріне сенімді болдым.


Мани мені мұқият бақылап отырды.


– Мынау тура сиқыр сияқты, – деп таңырқадым мен. – Жаңа ғана сөйлей алмаспын деп шошып тұр едім. Енді тіпті соны қалап тұрмын. Әрине, мен қатты қобалжимын ғой.


Менің көңіл-күйім көтерілді. Хайнен ханым мен Ханенкамп-тар менің шешімімді мақтан тұтатын болады.


Мани қуанғаннан менің бетімді жалап алды. Мен оны әлі де бұл әдеттен арылта алмай жүрмін, тіпті ешқашан қолымнан келмейтін шығар.


Мен не болғанын түсіне алмадым. Бұл нағыз сиқыр сияқты болды.


– Бұл өзі қалай болды? – деп таңырқадым мен.


– Қорқыныш ойымыздың орындалмасын елестеткен кезде пайда болады. Сеніміміз неғұрлым босаң болған сайын, соғұр-лым қорқамыз, – деп күлді ол. – Бірақ сен өзіңнің сәттілік журналыңды оқығанда, өзіңнің жетістіктеріңе назар аудара-сың. Содан кейін жігерленіп, бәрі де жақсы болатынын елестете бастайсың.


Мен әлі де бір нәрсені түсінбегендеймін. Мани өз айтқанда-рын тағы бір рет қайталап шықты:


– Егер сен оң мақсаттар туралы ойласаң, қорқыныш пайда бола алмайды.


– Мен мұны дұрыс түсіне алмаймын, – деп иығымды бүлк еткіздім. – Бірақ бұл да электр қуаты сияқты шығар. Оның бар екенін және жұмыс істейтінін білу жеткілікті.


Мани сөзімді қуаттағандай, көзін сығырайта қарады.


Біз баспанадан шықтық, Бірақ бұл жолы біз ешқайда асықпадық.


Ұйықтар алдында маған көп нәрсе істеу керек болды. Ата-анамды тыныштандыру керек еді. Мен оларға ертең Голдштерн мырзаға     баратынымызды айтқанда ғана, анам жылауын тоқтатты. Содан кейін мен Марсель мен Моникаға қоңырау шалып, оларға Трумпф ханымның бізбен бірге инвестициялық топ құру туралы ұсынысы туралы айттым.


Келесі күні таңертең сүйкімді жүргізуші әйел менің ата-анама келді. Голдштерн мырза олармен менсіз сөйлескен дұрыс болатынын айтты. Мен олардың не туралы сөйлескенін және не шешкенін білмеймін. Ата-анам өте ұзақ болған жоқ. Бірақ. олар қайтып оралғанда өте бақытты көрінді.


Олар маған Голдштерн мырзаның олар үшін төлемдерді бірнеше айға кейінге қалдыруға және ай сайынғы жарна-ларды отыз екі пайызға төмендетуге қол жеткізгенін ғана айтты. Сондықтан бізде өмір сүру үшін көбірек ақша қалады. Ата-аналар осы отыз екі пайыздың жартысын қиын күндерге, ал екінші жартысын өздерінің алтын тауықтарын тамақтандыруға жұмсауды шешті.


Үшеуміз де қуана құшақтастық. Содан кейін мен Мани-ді еркелеттім. Анам мен әкем бұл менің Маниге деген риза-шылығым екенін түсінбеді. Мен оның әдемі аппақ жүнін ұзақ сипаладым, ол ләззаттана үнсіз жатты. Содан кейін ол тағы да бетімнен жалап алды...


Бөлмеме бара жатқанда, мерекелік көңіл-күйде едім. Мен сәттілік журналындағы тілектер тізімін аштым. Бұл жерде: ең маңызды мақсаттардың бірі – ата-анама қарыздарынан құтылуға көмектесу деп жазылған-ды. Мен мұны жасадым – рас, Голдстерн мырзаның көмегімен, бірақ мен олардың кезде-суін ұйымдастырдым ғой. Содан кейін мен сәттілік журналына кезектен тыс жазба жасадым. Бірақ бұл маған жеткіліксіз болып көрінді. Содан кейін журналдың соңғы бетіне мен үлкен әріптермен «менің ең үлкен жетістіктерім» деген тақырыпша жаздым. Тақырыптың астына:


«1. Ата– аналарға қарыздарынан зардап шекпеуге және бір уақытта ақша жинай бастауға көмектестім» деп жазып қойдым.


Сонан соң мақтанышпен өзімнің арман құтыларыма қара-дым. Онша көп уақыт қалған жоқ. Таяуда оны «сындырам». Есімнен танып қалмасам!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу