22.02.2024
  46


Автор: Бодо Шефер

Шытырман оқиға - 9 тарау

Күн сәтсіз басталды. Қорқынышты түстен сансырап ояндым, ауа– райы да оңып тұрған жоқ екен. Әкем әдеттегі-ден кеш тұрыпты, әлі ваннада екен. Мен уақытым босқа кетпес үшін сәттілік журналын алмақ болғам. Бірақ ол орнында жоқ екен. Мен Маниге тесіле қарадым. Ол ештеңені байқамағандай кейіп танытты. «Ах, оңбаған! – деп ойладым мен. – Мен білем, журнал сенде. Дереу қайтар!»


Бірақ Мани қутыңдап, бірден мойындағысы келмеді. Ол кіреберіске жүгіріп барып, журналды тістеп оралды. Мен оған тап беріп, журналды тартып алуға тырыстым. Бірақ Мани жалт берді. Мен тұра ұмтылдым, ол тағы да жалтарып үлгерді. Сол бетінде әкем сіріңке қораптарынан жасап жатқан кеменің дайын үлгісінің үстіне гүрс етіп құлады. Ата-анам оқыс дыбыс-ты естіп, жүгіріп шыққан. Не болғанын көріп, әкем жындана айқай салды:


– Төрт айғы еңбегім! Сен төрт ай бойғы еңбегімді бүлдірдің!!


Шынында да, модель быт-шыт болған. Менің көңіл-күйім күрт бұзылды. Мүлдем күтпеген жағдай. Түндегі түсім есіме түсті. Не айтатыны бар, бастамасы тамаша!


Осының кесірінен мектеп автобусына үлгере алмай, сабаққа кешігіп кірдім.


Сабақтан кейін түскі асымды іше салып, Наполеонға бардым. Ханенкампқа мен оны бүгін кештеу әкелетінімді айттым. Олар келісті. Сағат үште Марсель келуі керек еді. Мен Марсельмен сөйлесіп отырған кезде иттерге қарай тұру үшін, Мониканы шақырдым.


Бианканы алу үшін, құрбымды ертіп, Трумпф ханымға бардым. Ол өзінің сүйікті итіне қалай қарауым керегін тәптіштей айту үшін бөлмесіне шақырды. Біз әңгімелесіп отырғанда, Марсель бөлме ішін түгел шолып шықты. Қабырға-лардағы әртүрлі кестелерді көргенде, риза көңілмен:


– Сіз акцияларға ақша саласыз ба, – деп білетін кісіше сұрады.


Трумпф ханым оған таңырқай қарады: – Сен бұл туралы бірдеңе түсінесің бе?


– Жоқ, білмеймін, бірақ әкем акциялармен айналысады. Мен одан кейбір нәрселерді үйрендім. Ол еш жерде акциялар-дағыдай көп ақша табуға болмайтынын айтады. Бірақ менің ойымша, бұл өте қиын және тым көп жұмысты қажет етеді, – деп жауап берді ол.


– Дұрыс айтасың, бұл оңай емес және күніне бір-екі сағат уақытың кетеді. Мұндай іспен айналысу үшін оны жақсы көру керек, – деп күлді кемпір. – Бірақ оны қолынан келетін біреу-ге тапсыруға болады. Өйтсең ешқандай білім де қажет емес, ал табыс жаман болмайды.


Марсель бірден қызығушылық танытты:


– Еліктірерлік жәйт екен. Бұл қалай жасалады?


– Мен мұны саған түсіндірер едім, – деді Трумпф ханым. – Бірақ бұл үшін бізге уақыт керек. Ал бірер сағаттан кейін менің ұшуым керек. Сондықтан мен қайтып келгенше, бұл әңгімені кейінге қалдырайық.


– Бұл маған да қызық көрінді, – деп сөзге араластым. – бірақ Трумпф ханымның ойы басқада еді.


– Кира, мен оралғанша гүлдерді екі-үш рет суарып қоя аласың ба? – деді. Әрине, болады. Біз кемпірмен қоштасып, Бианканы үйге алып келдік.


Содан кейін Марсель екеуіміз жинақ кассасына бет алдық. Мен қатты толқыдым. Өйткені, қазір мен бірінші рет шот ашайын деп тұрмын ғой. Рас, менде жинақ кітапшасы бар бола-тын, онда атам мен әжем анда-санда азын-аулақ ақша салып қоятын. Бірақ өзің ашқан шот – бұл мүлдем басқа нәрсе. Банкке кіргенде, мен өзімді ересек кісі сезіндім. Келушілер көп болды, терезелердің бәрінде кезек бар. Мен олардың ең қысқасына барғым келді, бірақ Марсель мені ұстап қалды:


– Асықпа. Дұрыс адамға жету маңызды.


– Ал кімнің дұрыс екенін қайдан білемін? Марсель күлді:


– Ол оңай тіл табысатын адам. Айналаңа қарашы, мүмкін саған ұнайтын адам бар шығар.


Мен сберкасса қызметкерлеріне қарап, кезектерді жаға-лай жүріп өттім. Олардың көпшілігі мүлдем бақытты да риза адамдар болып көрінбеді. Олардың бірі, менің ойымша, тым асығыс сияқты – және клиенттерін де асықтырумен болды. Оған баруға жүрексіндім. Ақырында мен өте жағымды әсер қалдырған, жасы анам қарайлас әйелді байқадым. Маған ол бірден ұнады.


– Бірақ бұл жерде біз ұзақ күтуіміз керек сияқты, – мен Марсельге кімді таңдағанымды білдірдім..


– Әлемдегі ең нашар нәрсе – күту», – деп жауап берді ол. – Уақытты қалай дұрыс өткізу керегін ойластыру керек.


Мен оған ақшамды қалай бөлетінімді егжей-тегжейлі түсін-дірейін деп шештім. Сонымен бірге мен оған алтын жұмыртқа туатын тауық туралы ертегі айтып бердім.


– Керемет! Мен ойлағаннан да артық, – деді Марсель толқып. – Егер мен қолдағы барымды түгел жұмсасам, менде ешқашан мұндай «тауық» болмайтыны анық. Ал онсыз мен үнемі ақша табуға тырысуға мәжбүрмін. Егер менің осындай «тауығым» болса, онда менің ақшам маған жұмыс істейді.


– Сен жақсы айттың, – дедім мен. – Голдштерн мырзаға оның ақшасы жұмыс істейтіні сөзсіз. Апаттан кейін қанша уақыт жұмыс істей алмайтынын ойлашы. Сонда да оның барлық шығындарды төлеуге ақшасы жеткілікті. Ал менің әкем әрдайым «егер екі ай ақша таппай қалсам, онда бәрі құрығаны» дейді. Онда бізге үйімізді сатуға тура келерін айтқаны.


– Голдштерн мырзаның жағдайы жақсы екені түсінікті, өйткені оның «тауығы» үлкен және майлы. Сенің әкеңде тіпті торғай да жоқ, – деп күлді Марсель.


Біз әңгімеге берілгеніміз сонша, кезегіміздің қалай жетіп қалғанын байқамаппыз. Жинақ кассасының сүйкімді қызмет-кері біз не қалайтынымызды сұрады.


– Мен тауыққа шот ашқым келеді, – дедім мен. – Шот не үшін? – деп сұрады ол таңданып.


Марсель кенеттен қарқылдап күлді, мен оны шапалақпен тартып жібергім келді. Бірақ артынша өзімнің де күлкім келген. Тынышталған соң біз өзімізді кассирге таныстырдық. Оның есімі Хайнен ханым екен. Мен оған неге «тауық» үшін шот ашқым келетінін түсіндірдім. Оған тауық пен алтын жұмыртқа туралы ертегіні айтуға тура келді. Хайнен ханымға ертегі өте ұнады.


– Бұл балаларға ақшаны қалай ұстау керектігі туралы ең жақсы әңгіме, – деді ол. Содан кейін сәл ойланып: – Мүмкін, балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де. Мен саған қолымнан келгеннің бәрімен көмектесуге әзірмін, – деді.


Ол маған есеп-шотымды тегін жүргізіп беруге болаты-нын айтты. Бұның мәнісі – банк менің шотымды жүргізуге қатысты барлық жұмысты өзі орындайды және мен бұл үшін ештеңе төлемеймін. Бұдан артық не керек?!


Мен шот ашу оңай болады деп күткен жоқпын. Тек менен төлқұжатымды көрсетуді сұрады. Бірақ менде әлі төлқұжат болған жоқ, сондықтан Хайнен ханым менің ата-анамның бірі қол қоюы керек сауалнама толтырды. Бүкіл процедура осымен аяқталды. Марсельдің көмегі мүлдем қажет емес болып шықты. Дегенмен оның қасымда болғаны дұрыс. Екеу боп жүрген әлдеқайда жақсы ғой.


Мен салтанатты түрде қалтамнан он сегіз жарым Еуро алып, жаңа шотыма салдым. Ішімнен өзім ойлап тапқан «сиқырлы» сөздерді қайталадым:»Оян, тауық, оян».


Мен өте риза болдым. Кассирмен қоштасып, Марсель екеуіміз үйге қайттық. Жолда мен: «Осындай сүйкімді кассирді таңдағаным қандай жақсы болды. Мен онымен кездескеніме әрқашан қуанатын болам» деп ойладым.


Марсель екеуіміз асығып келеміз. Моника үш итке бірдей қалай ие болып жатыр екен? Оның бұл шаруада тәжірибесі онша көп емес қой. Рас, Моникада кішкентай мәшке иті – Вилли дейтін пуделі бар. Үлкен иттердің мүлдем жөні басқа ғой. Менің уайымым бекер екен. Моника бізді қуана үйіне шақырды. Бәрі дұрыс екен. Біз бәріміз орманға бірге барып ойнадық. Бұл өте керемет болды, біз тіпті уақытты ұмытып кетіппіз.


Біз үйге қайтқан кезде қараңғы түскен. Мен Марсель мен Моникадан Трумпф ханымның үйінің жанынан менімен бірге өтуін өтіндім. Мен ол үйдің ауласындағы Бианкаға дайындап қойған тамақты алуым керек еді. Үшеуімізге жеңілдеу болады ғой.


Біздің үйден бірнеше жүз метр қашықтықтағы, орманға жақын орналасқан «мыстан кемпірдің үйіне» келдік. Кемпір көп жылдан бері айналасындағы бұталар мен ағаштарды кеспепті, ал үйдің маңы тіпті қатты өсіп кеткен. Біз айналып үй артына өттік, өйткені Трумпф ханым артқы террассаға тамақ қалдырып қоймақшы болған. Кейбір жерлерде тіпті бұталардың арасынан өтуге тура келді.


Бұл кезде мүлдем қараңғы болып еді. Мани, Наполеон және Бианка қасымызда жүрсе де, бізді үрей биледі. Мұның себебі – Вилли. Ол бәрінен қорқып, Бианкаға жабысып алды. Біз үнсіз-біз. Тіпті Моника аузын ашпайды. Бұл ненің белгісі? Кенеттен біз неден қорыққанымызды түсіндім: өлі тыныштық. Біз еріксіз демімізді ішімізге тарттық...


Абайлап әрі қарай жүрдік. Аяқтарымыздың астында бұтақтар бырт-бырт сынып  жатты. Ақыры біз үйдің арты-на жеттік. Тамақтар шынымен террассада тұр екен. Бірақ бізге бірдеңе кедергі сияқты, бірдеңе дұрыс емес сияқты. Біз айна-ламызға үрейлене қарадық. Кенет иттер ырылдай бастады. Бианка үйге кіретін есікалдына барды, бәріміз сол жаққа бұрыл-дық. Сол кезде есіктің құлыпталмағанын көрдік. Бианка есікті тұмсығымен итеріп ашып, әупілдей үріп ішке ұмтылды. Оның үруі біртіндеп алыстап, тынши қалды. Айнала қайтадан тып-тыныш. Біз күтіп тұрмыз, бірақ Бианка жоқ. Ақырын шақырдық. Тым-тырыс. Біз сілейіп қатып қалғанбыз. Мен артыма бұрылсам, Мониканың түсі бордай әппақ. Ол Виллиді құшақтап, кеудесіне қысып алған.


Бәрімізден бұрын Марсель есін жиып алды. Ол маған Мани мен Наполеонды ұста деген белгі берді. Мен екеуін де қарғы-сынан ұстадым. Міне, менің Наполеонмен жасаған жаттығу-ларымның пайдасы деп ойладым. Марсель қабырғаға жабыса қозғалып, есікке жақындады. Абайлап ішке кіріп, жарықты қосты. Бізге тым ұзақ көрінген осынау сәтте ол есік алдынан көрінді де, бізді шақырып, басын изеді.


– Жол бос сияқты», – деп сыбырлады ол.


Мен ек итті ұстап, оның артынан ердім, ал Моника: – Мен ішке кірмеймін, – деді.


– Жарайды, осында күте тұр! – деп келісті Марсель.


Оның одан бетер есі шықты. Террассада жалғыз қалу одан да қорқынышты еді. Ол да бізбен бірге үйге кірді. Біз қонақ бөлмеге бардық. Бұл жолы тәртіпсіздік мүлдем жайлы көрін-беді. Керісінше, одан қандай да бір қауіп төніп тұрғандай еді.


– Мұнда баукеспелер болған, – деді Марсель.


– Жоқ, бұл бөлме әрқашан осылай ыбырсып жатады, – дедім мен ақырын ғана.


– Қарасаңшы, есік бұзылған, – деді Марсель. Ол дұрыс айтыпты.


Есіктің жақтауында зақымдану белгілері айқын көрінді. Ыбырсыған үй бүгін маған неліктен өткендегідей жайлы


болып көрінбейтінін түсіндім. Барлық суреттер қабырғалардан алынып тасталған, жиһаздар жылжытылған. Тыңшылар туралы фильмдегі агенттердің микрофильмді іздеп пәтерді тінтитін кездегі көрініске ұқсайды. Мен түндегі қорқынышты түсімді есіме түсірдім. Және өзімнің сақ болуым керек деген сөзімді де. Ал өзім баукеспелер болған үйде жалғыз өзім тұрмын. Олар әлі осында ма екен? Менің жүрегім дүрс-дүрс соқты.


Кенет біз ескі еден тақталарының тықырын естідік. Мен қатып қалдым. Жайлап, ұрлана басқан қадамдар жақындады. Марсель асығыс жан-жағына қарап, орындықта жатқан құбыр-мен қаруланды. Сонан соң бөлменің есігі сықырлап баяу ашыл-ды. Біз жалт бұрылдық. Моника айқай салды. Ал сәл ашық есік-тен Бианканың басы қылтиды, біз оны мүлдем ұмытып кетіппіз. Біздің жүрегіміз орнына түсті. Тіпті Мани мен Наполеон да қуанған сияқты.


Марсель жағдайды тағы да бірінші болып бағалады:


– Кім болса да, біздің келгенімізді көрген соң, қашып кеткен шығар. Әйтпесе, иттер сонша тыныш болмас еді ғой.


Мен Маниге қарадым. Ол ешқандай мазасыздықты сезін-беген сияқты. Мен оны құшақтап, тыныштала бастадым. Тіпті Вилли еденде секіріп, бұрыштарды иіскелей бастады.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу