21.02.2024
  40


Автор: Брайан Трейси

Қарым-қатынас жасайтын адамдарды таңдаңыз

Мақсаттарыңызға жету үшін сізге кімдермен бірге жұмыс істеуге тура келеді, кімдердің жәрдеміне мұқтажсыз? Ең алдымен, сіздің жұмысыңыз, отбасы мүшелеріне қалай әсер ететінін анықтаңыз. Шынында да, сізге табысқа жету үшін күні-түні, тынбай жұмыс істеу қажет болады. Кейде мұндай тығыз жұмыс кестесіне бірнеше ай бойына шыдау қажет болады. Мұны отбасы мүшелеріне алдын ала түсіндіру маңызды, өзіңіздің не істеп жатқаныңызды және оны не үшін істеп жатқаныңызды олар білуі керек. Сізге барлық кедергілерден өткенге дейін, олардың жәрдемі және қолдауы қажет болады. Одан кейін ғана сізге көбірек уақытыңызды олармен бірге өткізуге мүмкіндік тиеді. Мысалы, ұзағырақ демалыс алуыңызға болады, тағы сол сияқты.


 


 


Қандай бастықпен жұмыс істегіңіз келетінін анықтаңыз және өзіңіздің жұмыс тобыңызда қандай адамдардың болғанын қалайсыз? Егер сіз кәсіпкерлікпен                              айналысатын      болсаңыз,      өзіңізге      қажет       болған тұтынушыларыңызды анықтап алыңыз.


 


 


Питер Дракер, кәсіпкерліктің ең пайдалы тұсы — ол тұтынушы деп есептеді. Кәсіптің негізгі мақсаты — солардың талабын қанағаттандыру. Егер сіз қаржы тұрғысынан айтарлықтай нәтижеге


қол жеткізгіңіз келсе, сізге көптеген тұтынушыларыңызды қанағаттандыру қажет болады. Бірінші кезекте ол қандай тұтынушылар екенін анықтау керек. «Олар кімдер?» деген сұраққа жауап беріңіз. Сізге ол тұтынушыларды қанағаттандыруға, басқа бәсекелестеріңізге қарағанда барынша артығырақ, бар жан-дүниеңізді,


бар мүмкіндігіңізді салуыңыз қажет.


 


 


Сонымен,


 


 


– Cіздің нағыз тұтынушыларыңыз кім?


 


 


– Олар бақытты, разы болуы үшін оларға не қажет?


 


 


– Өзіңіздің бәсекелестеріңізден де табыстырақ болу үшін сіз не істей аласыз?


 


 


– Сіздің ұсынған қызметіңіздің ерекшелігі неде?


 


– Сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз неде?


 


 


– Сіздің ерекше тұсыңыз қайсы?


 


 


Адамдар сізден ғана сатып алу үшін немесе басқа біреулерден гөрі сізбен бірге жұмыс істесу үшін, сіз не істей аласыз?


 


 


Бұл сұрақтардың жауабы, өндірісті дұрыс ұйымдастыруға және сату деңгейін көтеруге септігі тиеді, ал, бұл болса — саудадағы бүкіл табыстың кілті. Әрдайым өзіңізден сұраңыз: «Неге адамдар менімен бірге жұмыс жасасуды қалайды?», «Олар менің мақсатыма жетуіме көмектескенде, одан қандай пайда болады?», «Мен оларға не бере аламын?». «Өзгелерден алатын адам болғаннан гөрі, барынша беретін адам болған дұрысырақ» деген де жақсы әрі пайдалы қағида бар.


 


 


Ойланыңыз, басқа адамдардың өмірін және жұмысын жақсарту үшін сіз қандай көмек жасай аласыз? Басқалардың қалаған мақсаттарына жетуіне жәрдем беруіңіз арқылы сіз


өмірден қалағаныңыздың бәрін ала аласыз. Сонымен, сізге кімнің жәрдемі және кімнің бірге жұмыс жасасуы қажет? Осы адамдардың тізімін жасаңыз. Және өзіңізден сұраңыз: «Олардың жәрдеміне лайық болу үшін мен не істей аламын?» «Олардың маған барлық жағынан да көмектескілері келуі үшін мен не істей аламын?»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу