21.02.2024
  24


Автор: Брайан Трейси

Өмірде нені біліп, нені жасай алу керектігін шешіңіз

Өзіңіздің мақсатыңызға жету үшін, бұрын жетіп көрмеген нәрсеге қол жеткізу үшін, сізге бұрын болып көрмеген адам болу қажет. Үйренген өнеріңіздің қайсысын дамытып, мақсатқа жету үшін көбірек пайдасы тиеді? Өзіңізді қай бағытта жетілдіруіңіз керек? Сіздің өміріңізге ең маңызды да жақсы әсер ететін не нәрсе? Біз сіздің өміріңіздің барлық саласында да сіз нені нашар біліп, нені жақсы жасай алмайтын болсаңыз, сол нәрсе үнемі табысқа жетуіңізге бөгет болатынын таптық. Сіздің ең әлсіз дағдыңыз —


 


шеберлігіңізді шыңдамағаныңыз, бұл мақсатқа жету жолында тежейтін ең негізгі кедергі.


 


 


Қайсыбір қабілеттің жоқтығы сізді артқа тартатын болса, бар күшіңізді сол қабілетті жетілдіруге жинақтауыңыз қажет. Ол нәрсе жоспарлау ма, ұйымдастыру ма, қарым-қатынас па, пайдалы пікірталастыру ма, әлде, келіссөз жүргізу ма, бәрібір. Сіз ең алдымен, осыны үйренуіңіз керек. Қажет болса, бәрін де үйренуге болады.


 


 


Өзіңізден сұраңыз: «Мақсатыма жету үшін қандай маңызды білім мен шеберлік қажет?». Әрине, сіз білетін шығарсыз — кез келген салада да кәсіби маман болу үшін, мейлі ол сауда болсын, мейлі ол механика немесе нейрохирургия болсын, сол салада кем дегенде жеті жыл бар ынтамен еңбек ету қажет болады. Алдыңғы қатардағы 10%- дың ішіне кіру үшін жеті жыл қажет. Жеті жылдан кейін сіз осы 10%- дың ішіне кіріп, дүниедегі ең жоғарғы айлықты алатын адамдардың бірі боласыз. Әрине, бұл жол сіздің бұдан да көбірек уақытыңызды алуы мүмкін.


 


 


Өзіңізді жетілдіруді бастайтын уақыттың келгенін сезінген уақытта сізге көмегі тиетін бойыңыздағы қажетті қабілеттерді жетілдіруді бастау керек.


 


 


Содан кейін бір істе шеберлікке жеткен соң сіз өзіңізге сол сұрақты қоясыз: «Ал, маған енді нені үйрену керек?» Осылайша, сіз өміріңізді өз бетіңізше жоспарлап, бағыт беріп отырасыз. Өміріңіздің ақырына дейін сізге барынша көмегі тиетін қабілеттеріңізді шыңдауды жалғастыра бересіз. Және жоспар құрып, оны жазып, онымен күнделікті жұмыс істеп отырасыз. Егер сіз осыны істейтін болсаңыз, онда барған сайын мақсатыңызға жетуге жақындап қалғаныңызды сезінесіз. Жақсы күндердің бірінде сіз бұл өнерді толық меңгеріп алғаныңызды түсінесіз. Бұдан кейін сіз оны жиі-жиі қолданатын   боласыз   және    әр    қолданған   сайын    соғұрлым   аз    күш жұмсамайсыз. Кейбір адамдардың көп нәрсеге қол жеткізетіндігінің себебі де осында. Олар өздерінің қабілеттерін шыңдап отырады, әрине, бұл оларға оңайлықпен келмейді, сонда да олар бар ынтасымен жұмыс жасайды. Олар барған сайын табысты бола түседі және олар аз уақыттың ішінде көп нәтижелерге қол жеткізеді. Сіз де солай жасай аласыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу