21.01.2024
  25


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Иғтикафтың шарттары қандай?


Жауап: Кез келген ғибадаттың өзіндік шарттары бар болғаны секілді иғтикафтың да шарттары бар. Олар:


1. Мұсылман, ақыл-есі түзу және таза болуы керек;





2. Ғұсылы жоқ адам мешіттен шығып тазаланып келуі тиіс;


3. Иғтикафқа кіру үшін ниет етуі қажет. Ниетсіз иғтикаф саналмайды;


4. Иғтикаф мешіт немесе соған ұқсас жерде болуы керек. Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Иғтикаф жамағатпен намаз оқылатын жерде ғана жасалады», – деген. Ал әйелдер өз үйінің бір бөлмесін мешіт етіп, сол жерде иғтикафта отыра алады;


5. Уәжіп иғтикафқа кірген адамның аузы берік болуы керек. Қателесіп аузын ашуы иғтикафқа кері әсерін тигізбейді. Сүннет иғтикафта ораза шарт емес. Иғтикафқа отырғысы келген әйел әуелі күйеуінен рұқсат алуы тиіс.










Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу