21.01.2024
  28


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Тарауих намазының таспихы қандай?


Жауап: Оқылуы: «Субханә зил-мулки уәл-мәләкут. Субханә зил-ъиззәти уәл-азомәти уәл қудроти уәл кибриә-и уәл жәбәрут. Субханәл мәликил хайил-ләзи лә йәмут. Суббухун қуддусун роббунә уә роббул мәлә-икәти уәррух. Лә иләһә иллаллаһу нәстағфируллаһ нәс-әлукәл жәннәтә уә нәъузу бика минән-нәр».


Мағынасы: «Патшалық және мүліктер иесі Алла кемшілік атауынан пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет және өктемдік иесі Алла кемшілік атауынан пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі, патша болған Алла пәк. Мінсіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббысы, әрі Жәбірейілдің Раббысы! Алладан басқа тәңір жоқ, Алладан кешірім сұраймыз. Уа, Алла Тағалам, Өзіңнен жәннатты сұрап, тозақ отына қарсы Өзіңнен пана іздейміз».







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу