21.01.2024
  30


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Ораза кезінде тіс салдыруға бола ма?


Жауап: Ораза кезінде тіс салдыруға да, тісті емдеп не жұлдыруға да рұқсат. Тіс салдыру барысында етті жансыздандыру мақсатында салынған ине оразаны бұзбайды. Алайда емдеу не тіс салдыру барысында емдік мақсатта салынған дәріні және тістен шыққан қанның тамаққа кетіп қалмауын жіті қадағалауы шарт. Бір тамшы болса да тамақтан дәрі не қан кіріп кетсе, ораза бұзылады. Сондықтан қолдан келгенше тіс салдыру, емдеу т.б. шараларды ауызашардан соң немесе рамазаннан кейінгі күндерге қалдырған абзал.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу