21.01.2024
  36


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Ораза кезінде суға шомылуға бола ма (душ, ванна)?


Жауап: Иә, жалпы шомылуға болады. Алайда қажет жағдайда ғана. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза кезінде ыстығын басу үшін басына су құйған (Әбу Дәуід). Бірақ ауыздан және мұрыннан су кіріп кетпеуін қадағалау шарт. Себебі мұрыннан не ауыз қуысынан бір тамшы болса да су кірсе әрі суды жұтса, ораза бұзылады. Ал көлге, өзенге және су толтырып ваннаға түспеген абзал. Себебі, суға сүңгіп шомылғанда мұрыннан не ауыздан су кіріп кету қаупі өте жоғары.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу