21.01.2024
  28


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: Сәресіге ұйықтап қалып, күні бойы ешнәрсе ішіп-жемесе, ораза ұстаған болып санала ма?


Жауап: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «ашура» күні хабарлаушы кісіге: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тамамдасын. Ал ештеңе жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)», – деп жар салуын бұйырды (Бұхари). Демек, сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан тұрғанда нәр тартпастан, ниет етіп оразасын жалғастырады. Бастысы, таңертең еш нәрсе ішіп-жемеуі және түске дейін ниет етіп үлгеруі тиіс.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу