21.01.2024
  23


Автор: Сұрақ-жауап




Сұрақ: «Рамазанда шайтандар байланады» деген ха- дис бар екен. Онда неліктен ораза айында адамдар жа- ман ісінен тыйылмайды?


Жауап: Бұл хадис имам Бұхари және Мүслим еңбек- терінде сахаба Әбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген. Хадистің мәтіні: «Рамазан айы келсе, жәннат қақпалары ашылып, тозақ қақпалары жабылады және шайтандар шынжырланады».


Рамазан – Құран түскен ай. Бұл айды Алла Тағала ораза парызымен ерекшелеген. Сонымен бірге, рамазан – жақ- сылық пен қайырымдылық айы. Рамазанның құрметіне аспан (мейірім) қақпалары ашылады. Сондай-ақ, шайтан- дар шынжырланады. Бұл – адам үшін үлкен ескерту. Азғырушы шайтан кісенделген уақытта адам ораза тұт- пағанына және құлшылық жасамағанына ешбір сылтау айта алмайды. Демек, шайтан шырмауда тұрса да, адам- ның нәпсісі азғыруы мүмкін. Олай болса, ораза – нәпсі- мен күресу және оны тәрбиелеу айы.







Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу