Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  55


Автор: Жібек Ысқақова

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ

Желтоқсанның әр күнінде жастардың,
Үндері бар, шығар биік асқардың...
Қыршын кеткен боздақтарды еске алып,
Тағзым етіп өлеңімді бастадым.
Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
Ойлай қалсам жүрек сыздап, мұздады.
Желтоқсаны есте сексен алтының,
Ұмытылмас бойға сінген сыздары...
Желтоқсанның желі жанды тоңдырды,
Жас өмірді бір-ақ демде солдырды.
Желтоқсаншы сол жастарым еліме,
Тәуелсіздік туын биік қондырды.
Желтоқсанның шырқалатын әні бар,
Тәуелсіздік мерекесі сәні бар.
Он алтыншы желтоқсанда еліміз,
Қуаныш пен мұңды алқа қып тағынар...
Желтоқсанның айы осы сұрапыл,
Боздақтарды еске алып тұра тұр.
Қайрат, Ләззәт, Сәбиралар, Ербол бар,
Дұға жасап, тағзымыңды қыла тұр.
Желтоқсанның ызғары — ол мәңгілік,
Жадымызда тұрады әркез жаңғырып.
Тәуелсіздік мерекесі тойлансын,
Егеменді елімізде сән құрып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу