Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  59


Автор: Жібек Ысқақова

1-ШІЛДЕ ДОМБЫРА КҮНІНЕ

Күй ойнайды-домбыраның үнімен,
Жыр толғайды-домбыраның бірімен.
Домбырашы, әнді сүйер жандарды,
Құттықтаймын домбыраның күнімен.
Жасай берсін домбырасы қазақтың,
Болмасын еш, қуғындалар азап күн.
Бұл домбыра қазағымның айнасы,
Көңіл-күйін көрсетер бар қазақтың.
Өзің барда қазақтығым жайқалар,
Ата-баба мұрасы боп байқалар.
Домбырамыз әрбір үйде тұрса егер,
Жандүниеміз шаттықта боп, жай табар.
Домбырамен ат үстінде ән айтқан,
Домбырамен айтыс жасар әр жақтан.
Ұлттық өнер иесі бұл домбыра,
Жан дүниеңе азық берер жан-жақтан.
Қазақ елі құтты болсын бұл бір күн,
Домбырадан төгілетін ән мен жыр.
Домбыраның үніменен тербелсін,
Қазақ дейтін жаны жайсаң елі бір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу