Өлеңдер ✍️

  29.12.2023
  420


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Алғашқы вальс

 


Естідіңбе?Музыканың дыбысын,


Ғажап өлең сыбырлайды тынысың.


Алғашқы вальс билегенде өзіңмен,


Уақыт тоқтап қалатынын біліп ем.


 


Көздеріміз тоғысқанда тізбектей,


Тынысымыз тарылғанда бір-ретпен,


Әнде қалды,әуез қалды естілмей.


Бұл ерекше сезім болар кім білген.


 


Қолдарымыз қол тигенде дірілдеп,


Қыпша белің қалатындай сезілмей.


Біз екеуміз қайталайық сол биді,


Алғашқы вальс білесіңбе?Бітпейді!


 


Ұзын шашың ертегідей қап-қара,


Кім біледі бұл биіміз тоқтайма?


Ғажап иісің тұмшалайды көзімді,


Қаракөзім сенсіз сондай біртүрлі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу