Өлеңдер ✍️

  24.11.2023
  118


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жолымыз бөлінді ме?

Екеуміздің жолымыз бөлінді ме?


Шын сырласқан кештерім түсімдеме,


Ештеңеде қалдырмай жоқ болдың ау,


Бірге жүрген күндерің есіңде ме?


Сағындыңба сен мені білмеймінде.


Сарғайдым ау күтумен өзіңді де,


Бір білгенім мен сені іздей берем,


Көз ілмей ойлай берем күнде-түнде.


Шынарым сен маған сенбесеңде,


Қайта сені жалғанда көрмесемде.


Мен сенің бақытыңды тілеп жүрем,


Өміріңнің бөлшегіне кірмесемде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу