12.11.2023
  312


Автор: Жібек Ысқақова

Ата заңым айбыным!

Құқығымды жақтаған,
Жақсы жолға баптаған.
Ата заңым айбыным,
Адалдықты сақтаған!

Мерекенің ұлысы,
Жылу берер тынысы.
Ата заңым айбыным,
Ынтымақтың ырысы.

Қуат берер қорғаным,
Сыйлар елге зор бағын.
Ата заңым айбыным,
Өзің барда тоңбадым.

Түсініп ой қатасын,
Сыйлайық заң атасын!
Ата заңым айбыным,
Азаттығым жасасын!

Дұрыс жүрсең бостандық,
Қадамыңды бассаң нық.
Ата заңым айбыным,
Айтып жүрер дастан қып!

Заңмен жүру дұрысы,
Заңның берік жұмысы.
Ата заңым айбыным,
Жан тербейді тұрысы.

Отызыншы тамызым,
Мерекенің таңысың.
Ата заңым айбыным,
Қазағымның жанысың!

Ата жолын ұсталық,
Заңға қарсы шықпалық.
Ата заңым айбыным,
Адалдықты құпталық!

Жаса, жаса ата заң,
Қалған бізге атадан.
Ата заңым бір сен деп,
Жүрек жырлап, қатады ән!

Жібек Искакова 30.08.2023 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу