Өлеңдер ✍️

  10.11.2023
  32


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

Қабірлер күліп жатыр


Қабірлер күбірлейді,

Ұлы тозақтың тіліменен.

Топырақ ән салады,

молалар тамсанады,

Түніменен.




Мазардың жанындамын.

Естимін соның бәрін,

Жер астын сен білмеген,

Сұрайсың енді менен...




Тастарға тіл бітеді,

Терекке гүл бітеді.

Аспандар айқайлайды,

Жер енді жайқалмайды,

Ешкім де ештеңені,

Айта алмайды.




Құдайың күліп тұрса,

Барлығын біліп тұрса,

Өмірге өкпелеме,

Бұл өмір шектеле ме,

Түсініп қалар едің,

Жын ұқтырса.




Жын пері сәлем берді,

Періштем маған келді.

Ұйытып отыр екем,

Таң атпай тәмәм елді.




Қабірлер күліп жатыр

Бәрін де біліп жатыр,

Жұмаққа бастағанмен,

Тозаққа кіріп жатыр,

Мүлгіген молалар да,

Өмірін сүріп жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу