04.11.2023
  59


Автор: Тұңғыш президент күні

Тұңғыш президент күні - Нұрсұлтан Назарбаев

Бүгін желтоқсан айының 1-і — елімізде мемлекеттік мерекелер қатарынан табылатын «Тұңғыш президент күні». Дәл осы күні, яғни 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш рет Республика Президентінің тікелей сайлауы өтті. Бұл сайлауда үлкен басымдылықпен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті атанды. Ал 2011 жылдың 14 желтоқсанында Сенаттың салтанатты отырысында Мемлекет басшысына «Елбасы» атты арнайы төсбелгісі табысталды.  Халықтың сеніміне ие болып «Елбасы» атанған Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ елінің тұңғыш президенті ретінде тарихтың төрінен орын алатыны сөзсіз.
Еске түсірер болсақ — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Арқа жеріне ауысытырылып, Қазақстан астанасы жаңадан «Астана» деген атқа ие болды. Нұрсұлтан Әбішұлын Астана қаласының іргетасын қалаған адам десек қате айтпағанымыз болар. Жаңа қала тұрғызу деген де оңай дүние емес қой. Қазақстанның тұңғыш президенті атына ие болған Назарбаев әлемдік тарихқа көрнекті реформатор ретінде енді.  Расында оның атын бүкіл әлем жұрты таниды десек те болады. Қазақстан жерін де әлемге танытып, елдің көркеюіне атсалысқан тарихи тұлға.
Оның Қазақстан үшін жасаған игі істері тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып тұратыны анық. Ендеше, 1-желтоқсан Қазақстанның тұңғыш президенті күні құтты болсын! Қазақ жерінде бар жақсылық ораналып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу