Өлеңдер ✍️

  02.10.2023
  702


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Эльбрус

Жылдар салып араға жаңа ән жазылды

Балалық шағымнан,
Болушы ед арманым.
Жол түсіп, мінеки,
Қуаныш әсермен,
Жыр-шумақ арнадым.

Кавказдың таулары,
Өзені, көлдері.
Шыршамен өрілген,
Көк орай белдері.

Ғажайып көркіңнен,
Нәр алдым шынында.
Эльбрус тауының,
Шықтым да шыңына.

Аппақ қар үстінде,
Үн қаттым өзіңе.
Айнала ғаламат,
Көрінді көзіме.
Көңілім алаңдап,
Тұрғандай сезіле.

Көк тастан көмкеріп,
Күмбездеп қойғандай.
Шыңына шыққандар,
Тұра алмас таңданбай!
Көк таста бейне бір,
Күңіреніп тұрғандай.

Найзағай кенеттен,
Қаһарын көрсетті.
Күш барын ерекше,
Сезініп селк еттім.

Қызықтап, таң қалып,
Қарадым маңайға.
Қорқыныш сезімі,
Еріксіз бойымды,
Биледі алайда.

Әлемде биік тау,
Эверест болса да.
Сен биік көріндің,
Армансың талайға!

Көкпенен таласқан,
Бұлттардан тау асқан.
Ақ киіз төсеген,
Қонақжай секілді,
Көркің бар жарасқан!

Сол кезде ұғындым,
Тауда алып күш барын.
Еліткен пендені,
Тылсымы сырыңның.
Құзына қона алмас,
Қылатын құштарлық,
Қалықтап құстарың.

Биіксің, көркемсің,
Көз тарта жатқаның.
Сарқырап ағатын,
Өзені құздардың.

Нулы жер қапталың.
Сұрапыл қаталдық,
Танытқан шатқалың.

Пиғылы жаманды,
Түзетіп алатын.
Ақ шаңқан шын - құздар,
Күнменен беттесіп,
Сәулесі төгілген.

Ұқсаттым өзіңді,
Көк бөрі қасқырға.
Ер – түрік көрінген.
Бүгін де өзіңе,
Бой түзеп қарап тұр,
Өрнек болып өрілген.

Биіктіктен қарасам,
Тәкаппар тектілік,
Танытып тұрғандай.
Төменде ел мекен,
Көрінер бір уыс.
Сұлулық бір қандай!

Алыстан ел асып,
Жеріңді басқан ем,
Етегің – құт мекен.
Таза ауаң – басқа әлем.

Бас ием, Эльбрус,
Арманым бастауы ең! 2-рет
Қасірет - мұң төндірмей,
Бойыңды тік ұста!
Не деген асқар ең!

Сөзі Айтбек Әліпов, Астана қ., 26 қыркүйек 2023ж.,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Мадияр Болат
Мадияр Болат 02.10.2023 23:37
Ақынға қара сөзден өлең оңай. Табиғаттың сұлулығын поэзия тілімен жеткізесің. Поэзия тілі-ол сыршыл жүректің дүрсілі. Ол ақын жүрегі. Періштедей пәк, таза. көңіл. Теңіздің тереніңде, таудың биігінде ақын жүрегі сұлулықты көріп шаттанады. Сұлулықты сезіне білу ақынжанды адамға берілген Алланың сыйы. Айеке балалық шақтағы армандарыңыз орындала берсін. Жазарыңыз таусылмасын. Эльбурс толғауы жүрекке жетті.

Пікір жазу