Өлеңдер ✍️

  25.09.2023
  145


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Бүгін жұма

Бүгін Жұма,


Бір тілегім бар еді!


 


 


Егер, біреуден ауыр сөз естігенімде,


Жақсылығын досымның кеш білгенім де.


 


Көңіл бөлмей жақынды алыстатып алсам,


Сенгендерді себепсіз жабырқатып алсам.


 


Ақ жүректі абайсыз құбылтып кетсем,


Тойған сайын «тобамды» ұмытып кетсем.


 


Санама əкеп суық ой салдырып жатсам,


Ата-анамды дұғасыз қалдырып жатсам.


 


Болмайтынды «болса» деп табандап қалсам,


Біліп тұрып, біреуді жамандап қалсам.


 


Жігерімді жасытып құм етіп алсам,


Сенімімді себепсіз жүдетіп алсам.


 


Үмітсіз қалмауым үшін,


Тура жол таңдауым үшін,


Жарты күн өмірім қалса,


Жақсыға арнауым үшін,


 


Тірліктен түңілмеуім үшін,


Қайғыдан бүгілмеуім үшін,


Арым мен намысым барда,


Жолымнан сүрінбеуім үшін,


 


 


Құдіретті АЛЛА!


Иман мен сабыр бер!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу