Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  65


Автор: Шөмішбай Сариев

Мазасыз өмір – мазаңды алайын деп келдім

Мазасыз өмір – мазаңды алайын деп келдім,
Көгілдір көгіңе – қанатымды қағайын деп келдім.
Адамзатқа жетерлік кең дүниеден,
Құдай берген орнымды табайын деп келдім.
Мазасыз өмір – мазаңды келтіремін мен,
Мазалап жүріп өмірде жетілермін мен.
Қайда барсам өмір болып қалсам деймін,
Тәңірден бұдан басқа не тілермін мен!
Аспан – Жердің арасын жалғайын дедім мен,
Қыран болып көгіңде самғайын дедім мен.
Менсіз де өмір мазасыз өмір болғасын,
Мазасыз өмір – мазаңды алмайын дедім мен!

17 шілде 2012 жыл
Алматы – Лондон сапары


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу