Өлеңдер ✍️

  09.09.2023
  35


Автор: Шөмішбай Сариев

Сусамыр

Сусамырдың жұмағы-ай,
Шалғын жота тұнады-ай.
Сені көрсем жанады,
Көзімнің қос шырағы-ай!..
Сусамырдың даласы-ай,
Тауы қандай қарашы-ай.
Махаббат боп қосылған,
Екі өмірдің арасы-ай!..
Сусамырдың сұңқары-ай,
Сусамырдың тұлпары-ай.
Көңілің кеткен сол қызға,
Қашан көрсең іңкәр-ай!..
Сусамырдың сулары-ай,
Шалғын шөбі ну тоғай.
Ғашық болған жандардың,
Басылар ма іңкәрі-ай!..
Қашан көрсең қалғымай,
Басын иген бал құрай!
Сусамырдың қыздары-ай,
Сусамырдың шалғыны-ай!..
Ай, Сусамыр, Сусамыр,
Тағы сендей туса бір,
Ағы, қызыл, көгі бар.
Көбелектей қуса бір,
Сусамыр-ай, Сусамыр!..

17 шілде 2012 жыл
Алматы – Лондон сапары
Ұшақ үстінде жазылған өлең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу