Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  98


Автор: Шөмішбай Сариев

Тілдесем таудың биік шыңдарымен

Тілдесем таудың биік шыңдарымен,
Мұңаям – бұл даланың
мұңдарымен.
Шөл даланың ұлымын,
шөл даланың —
Келемін бірге шөлдеп
Құмдарымен.
Кездесіп дүниенің гүл шоғымен,
Бұлаққа аңқам кеуіп сусадым мен.
Шөл даланың ұлымын,
шөл даланың –
Келемін бірге шөлдеп
жусанымен.
Дүниенің осынау жалғаны кең,
Бақытқа бір қану бер,
арманым ең,
Шөл даланың ұлымын,
шөл даланың –
Келемін бірге шөлдеп
нарларымен.
Төздім мен
аптабы ыссы күндеріне,
Жаныммен жүлдыз шашып
түндеріне.
Ғашық болып шөлдедім
бұл далада,
Асық болып шөлдедім
гүлдеріне!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу