Өлеңдер ✍️

  28.08.2023
  114


Автор: Шөмішбай Сариев

Қара жердің үстінде

Қара жердің үстінде,
Адамдар жүр табынып.
Қара жердің үстінде,
Ақ қар жатыр малынып.
Аппақ қардың астында,
Көктем жатыр жамылып.
Аппақ қардың астында,
Жер де жатыр жабығып.
Дала, таулар, өзен, көл,
Кеудесіне мұз басқан.
Желтоқсан да кезең бұл,
Бұлтын жұмсап жүзді аспан.
Жапалақтап жауды қар,
Жұлдыз мүсін жерде аунап.
Ақ шыңдарда тау мұнар
Аппақ бейне гүл қаулап.
Таңғажайып таң алды,
Көсегесі көгерді.
Ақ қар тоқтап, адамды,
Аяз сүйіп жөнелді.
Өртенеді, күйеді,
Біледі аз уақытты.
Қаншама адам сүйеді,
Аяз қандай бақытты.
Бәрін тоқып көңілге
Мезгіл – маусым мейманы.
Өтіп жатыр өмірде
Қарлы қыстың мейрамы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу