Өлеңдер ✍️

  27.08.2023
  78


Автор: Шөмішбай Сариев

Біреуге еркелейтін Заман ба осы

Біреуге еркелейтін Заман ба осы,
Бәрі де ағайынның аман болсын.
Қарбаласқан дүние арасымен,
Бастады тәуелсіздік далам көшін.
Қол тиер кез емес қой серуенге осы,
Даламның аман болғай керуен көші.
Дұшпан көп жан-жағынан анталаған,
Халқымның тәуелсіздік сенген досы.
Өзендер тасып-толып кемеріне,
Кеңейіп келіп өмір кемеліне.
Осынау тәуелсіздік аман болса,
Қазақты жеткізеді дегеніне!
Тағдырға жайып-жаймай алақанын,
Көгіне құс ұшырар балапанын.
Қазақты жеткізеді дегеніне,
Бүгіннен біз ойласақ бала қамын.
Жайнаған дүниеге жарасат гүл,
Ертеңге — сын артады болашақ бұл.
Тәуелсіз ғұмырларды баянды етер,
Сәбилер жанарында — болашақтұр!..







































Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу