Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  79


Автор: Серікбай Оспанов

Күзгі күнгі сен жапырақ па едің...

Күзгі күнгі сен жапырақ па едің,


Қатты   жел  соқса  үзілгенің   бе?


Кетті   ғой   көріп   қалтырап   денем,


Жанымды  жылатты  жүзің  менің  де.


 


Жел   соқпаса   деп,   тербетпесе  деп,


Тағдырдан   сансыз   тіледім,   жаным.


Сергелдеңге   сап,   сенделтпесе   деп,


Қайталап   іштей  жүр   едім,   жаным.


 


Сүйіктім   едің   сағына   күткен,


Алдағы   күндер  қызықты   өте  ме?


Жапырағым-ай   жаныма   біткен,


Бір дауыл әлде үзіп кете ме?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу