Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  58


Автор: Серікбай Оспанов

Құлаққа әсем тау суының жыры кеп...

Құлаққа әсем тау суының жыры кеп,


Біз жарты күн ен жайлауда жүріп ек.


Енді қайта кездеспейді-ау деп едім,


Жолықтық-ау,   кіп-кішкене  құдірет.


 


Қалай   келдің?!


Қарай   бердім   сүйініп,


Жүрегіме кетті  нөсер құйылып.


Өр   өзеннің   иірімі   секілді


Таудай мені бара жатсың үйіріп.


 


Қайта оралып келген шаттық шағым-ау,


Арман  бұл  күн,


Деп жүр едім сағым-ау...


Бақыттан  ба,


Әсірелеу  ағаңның


Басы айналып бара жатыр, жаным-ау.


 


Үніңді де ұқтым бақыт үні деп,


Ет - жүректі елжіретті жылы леп.


Құдірет  бұл – махаббаттың  оты  ғой,


Сол  махаббат – сенсің, құйттай  құдірет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу