Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  65


Автор: Серікбай Оспанов

Жанарың сыр тұр айтып

Жанарың сыр тұр айтып,


Менен өзге кім сезген?


Бір-ақ сөзбен мұңайтып,


Жұбатасың бір сөзбен.


 


Данагөйім сен едің,


Сен үшін де данамын.


Бір сөзіңнен сөнемін,


Бір сөзіңнен жанамын.


 


Серігіңе әлі бұл


Кімдер кінә тақпайды?!


Елдің сөзі бәрібір


Сен айтқандай батпайды.


 


Жандар да көп жаны – гүл,


Үзілгенді жалғайды.


Сөзіңдей боп бәрібір


Жадырата алмайды.


 


Күтем сенен шуақты...


Не айтсаң да білші өзің.


Бәрінен де қуатты


Сенің айтқан бір сөзің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу