Өлеңдер ✍️

  09.07.2023
  121


Автор: Серікбай Оспанов

Күлші, жаным!

Жұпарлысың, сұлусың гүлден де сен,


Жүрген жерің,


Жап-жарық жүрген көшең.


Шаттығыңның тыңдатшы күміс үнін,


Бүкіл әлем күлгендей күлгенде сен.


 


Арайланып атады таң да күліп,


Көңілде дық,


Қалмайды жанда күдік.


Дауысы ғой бақыттың күлкі деген,


Сен күлгенде жадырар арман, үміт.


 


Айтып қалар айтпағын жыршыдайын,


Құмарымнан тағы да бір шығайын,


Көңілденші,


Құдірет күлкіңде тұр,


Күнім шығып,


Оңымнан тусын Айым.


 


Күлші, жаным, жеңілдеп қалғандаймын,


Жалған мұңым,


Сен күлсең жалған қайғым!


Томсырайсың торығып, тосын маған,


Бір-біріне қалардай жалғанбай күн.


 


Қамықпашы қасыңда мен жүргенде,


Қабағына қарама елдің де өңге.


Сен мұңайсаң тартылып, тарылып қап,


Бүкіл әлем кеңиді сен күлгенде!


 


Көк түретін не бар бұл көңілді үндей,


Күлші, күлші, жарқылда, көзің күндей.


Өзің күлмей үйіміз жарық болмас,


Жылымайды үйіміз өзің күлмей!


 


Жанарында жанып тұр Күн – шырағым,


Сәулелерге ұмтылып, құлшынамын.


Анам үшін жастығын өрт шарпыған,


Өзің үшін және де, күлші, жаным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу