07.06.2023
  90


Автор: Артюр Рембо

АҚЫЛҒА АРНАЛДЫ

Саусақтарыңмен    дауылпазды   ұрып,    сен    одан    барлық    дыбысты шығаратының – тың үйлесімнің басы бұл.


Жетіп жатыр сенің жалғыз қадамың – жаңа адамдар қосылады қатарға, соңдарынан басқаларды жетектеп.


Сенің басың бұрылса егер теріске – махаббаттың тууы ғой бұл жаңа! «Тағдырымызды өзгерт біздердің, уақыт атты қамшыдан бастап,


қамшының бәрін тезге сал!» – деп саған әнін арнайды барлық балалар. «Құштарлығымыз бен бақытымыздың негізін, қайда болмасын, көтеріп, өрлет жоғары», – деп саған бәрі қылады нәзік өтініш.


Қашаннан бізге келгенсің, боласың және бар жерде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу