07.06.2023
  95


Автор: Артюр Рембо

ӨМІРЛЕР

І


 


О    қасиетті    елдің    даңғылдары   мен    шіркеудің    баспалдақтары! Хикаяларды маған ұқтырған браминге* не болды? Дәл сол кезде көргендей кемпірлерді көріп жүрмін әлі де. Түсірем еске өзен жағасын күміс шуаққа бөлеген сонау бір қимас сәттерді; иығыма артқан құрбы қыз қолын, жұпар жазықтардан еркелігімізді еске түсірем. –


Қызыл көгершіндер самғаса көкке, қанаттарының суылы қиялымды менің тербетті. –


Осы өлкеге жер аударылған менің бар еді сахынам – күллі әлемдік әдебиеттің шын шаһқарларын қоюға онда болатын. Көрсетер ем мен сіздерге байлықтарды елде жоқ. Бір кездері сіздер тапқан қазынаның тарихын сақтап жүрмін өзімде. Жалғасын да көріп тұрмын және анық. Даналығымды жек көреді, әкелердей алапат. Менің жоқтыққа кетуім не тұрады, – күтіп тұрған сіздерді – таңғалғандықтан мәңгі қатып қалуларыңның қасында?


 


ІІ


 


Мен – өнертапқышпын, бұрынғыларға қарағанда, мен басқа да мақтауларға ылайықпын. Мен – махаббат кілтіне ұқсас нәрсені жасап шыққан күйшімін. Қазір – айық аспан астында тұзды аймақта қоныстанған мырзамын; жалаңаяқ балалық, жарлы жастық кезеңді, шабаталы шағымды есіме алып мұңға батам бірауық. Менің өрем достарымның деңгейіне жете алмай жүрген кезгі тойларды, шулы айтыстар, 5-6 ірет қайтпай кеткен шығындар – бәрін-бәрін еске аламын мен бүгін. Өкінбеймін қатыстым деп, шат-шадыман тойларға: тұзды аймақтың сау ауасы тыңайтады сезімімді күмәншіл. Бірақ қазір күмәндарым орын таппай өзіне, тың әсерлер билеген соң еркімді, – күтіп жүрмін айналатын шағымды ақымаққа сұмпайы.


 


ІІІ


 


12 жаста мені қамап қойған сонау шатырда, мен әлемді таныдым, әжуасын бейнеледім қоғамның. Тарихты жертөледе оқыдым. Бір мейрамда,


түн ішінде Солтүстіктің шаһарының бірінде бар әйелін жолықтырдым суретшілердің ежелгі. Парижде, ескі дүкен-қоймада ең көрнекті ғылымдардан дәріс берді                                     өрнекті. Баспанада                ғажайып, қоршауында шығыстың, оқшаулығында даңқтың, шығармамды аяқтадым ең басты. Тамырымда лапылдаттым қанымды. Өтелді бар қарызым. Қажеті жоқ ол туралы енді ойлап. Шындығында, О дүниеден келгенмін – ала алмаймын енді ешқандай тапсырма.


 


----------------------------Брамин* – үнді ақсүйегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу