Өлеңдер ✍️

  01.06.2023
  86


Автор: Серікбай Оспанов

Тауда

Өрмелеп келеміз жоғары,


Тау шыңы- алдағы нысана.


Ентіктім,


Шаршағам жоқ әлі,


Жүректі сәл ауа қыса ма?..


 


Ұстасаң тал-терек күш беріп,


Қап жатыр жартастар- қорқыныш.


Жылжимыз біз алға тістеніп,


Биікте жүрек те толқығыш.


 


 - Таудың сен қиялы жолын көр,


Биікке ер болсаң шығарсың.


Ау, ұлым,


Қанеки,


Қолың бер,


Аздап сен шаршаған шығарсың?!


 


Бұғанаң қатқан жоқ әлі де,


Әзірге берейін саған дем.


Биік бар шыңнан да әріде,


Шығарсың,


Сонда дем алам  мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу