Өлеңдер ✍️

  27.05.2023
  43


Автор: Серікбай Оспанов

Шаңқай түсте

Төбеге күйіп-жанған күн байланып,


Түсердей аспан жерге тұрды айналып.


Қона алмай кетті қыран жерге төніп,


Қонуға қайта-қайта ыңғайланып.


 


Қыранға жаным ашып,


Сенім артам,


Аспаным,


Құтқара көр, жерім дархан!


«Астына қанатының маржан таққан»


Түсті еске Қараторғай...


Сері Ақан.


 


Көзде –үміт,


Құлақта әуен- «Қараторғай»,


Тұр енді қайталанып: «Ұштым зорға- ай,


Бейшара шырылдайсың,


Жерге қонбай...»


Баптаған иең қайда,


Жүр ме жылап,


Қартайған қыраны ма ең сен де сондай?!


 


Аспанға арманы ма ең сен өрлеген,


Тағдыр-ай, көкке жіпсіз көгендеген!


Жер үсті,


Аспан асты үнсіз-түнсіз,


Басынан не кешпеген,


Не көрмеген?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу