Өлеңдер ✍️

  27.05.2023
  65


Автор: Серікбай Оспанов

Күзгі бұлақ басында

Ағып жатсың баяу ғана бүлкілдеп,


Жағаңда тұр қурап бақ-бақ үлпілдек.


Сыңғырлаған үнің неге басылған,


Күле де  алмай жатқандайсың күлкің кеп.


 


Қартайдым ба?


Ортайдың ба, бұлағым?!


Өксік келді тамағыма


Шыдадым.


Қыс келеді


Қараша қаз кетіпті,


Сенің де әлде кеп жатыр ма жылағың?!


 


Шығармады-ау арнасынан мына жар,


Жыла!


Жыла!


Тазарасың жылап ал!


Жіп- жіңішке тулап ағып барады


Бастауларын сенен алған жылғалар.


 


Өткен күнге еш өкініш жоқ менде,


Ризамын қысқа аман-сау жеткенге.


Маған медет – көктем бары қыстан соң,


Анық сенің күлетінің көктемде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу