18.05.2023
  172


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос тағдыр - 9 бөлім

- Ендеше мені мен бірге менің үйіме жүріңдер.

- Рас айтасыз ба?

- Әрине рас. Сендер ақша жинап, ауылдарыңа қайтқанша менің үйімде бола тұрыңдар.

Қыздар қуана келісіп, өздері мүлдем танымайтын, бұрын соңды көрмеген бөгде әйелдің жетегіне еріп кете берді.

Қос құрбы жуынып, бөгде әйел берген киімдерді киіп, тоя тамақтанып, шаршап ұйықтап қалды. Түске таяу оянып жұмыс іздемек болып, сыртқа шығуға дайындық жасап жатты. Бөгде әйел кіріп келіп, хал-жағдайларын сұрады.

- Қыздар қалай, жақсы демалдыңдар ма? Жүздеріңе қан жүгіріп қалыпты.

- Ия, сізге көп рақмет. Алла разы болсын!

- Бір жаққа жиналдыңдар ма?

- Жұмыс іздеп қайтсақ деп едік.

- Жұмыс? Қыздар мен сендерге тамақ, жылы, мамықтай жұмсақ төсек бердім. Судың да сұрауы болады емес пе? Мұның бәрінің өтеуі бар деп ойламайсыңдар ма?

-Жұмыс тауып істесек ақысын төлейміз.

- Маған сендердің ақшаларың қажет емес.

- Олай болса қалай өтейміз? Бізден сізге не қажет.

- Маған сендер қажетсіңдер. Кәне мені мен бірге жүріңдер.

Қос құрбы түк түсіне алмай, әлгі әйелдің соңынан еріп жүрді. Ұзыннан ұзақ, әр екі метр сайын бір бөлменің есіктері. Қайда, неге бара жатқандарын түсіне алар емес. Соңғы есікке барып тоқталды. Есікті ашқан кезде құрбылардың көздері шарасынан шығып кете жаздады.

- Міне мына қыздардың бәріне сендер секілді ішерге ас, төсек орын бергенмін.

- Бірақ, бұл қыздар бұл жерде неге жиналып отыр?

- Өтемін өтеп отыр.

- Сонда қалай? Түсінбедік.

- Сания сендерге бәрін түсінтіреді. Сания, кәне мына қыздарды күтіп ал.

- Құп болады ханым.

Іштен денесі ірі, бойы ұзын бір қыз шығып, құрбыларды жұлқылай ішке кіргізді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу