Өлеңдер ✍️

  09.05.2023
  88


Автор: Қуаныш Оспан

Күз

Өз қанына малшынып, тағы да бір күн өлді,
Аспан төмен салбырап, бұлтқа айналған жын өрді.
Екілене үдеген есер жаңбыр сорғалап,
Топырақты жердегі есалаң қып жіберді.

Үні шықпай үйлердің, табанынан сыз өткен,
Теңселеді күйсіз бақ тұрған жандай сүзектен.
Жарып шығар саңылау таба алмаған Айдың да,
Бұлтқа соғып аңдаусыз шеке тұсы дыз еткен...

Көксау аспан күркілдеп, көмекейі жыбырлар,
Шатыр етсе оқыстан, тау құлағы шыңылдар.
Қарауытып көрінген сымға асылып, жолдағы,
Тырна сирақ бағанның кеудесінде сырыл бар.

Күзгі нөсер тоқтамай, құйып жатыр төкпелеп,
Жаз қайрылмай барады, мезгіл келсе жоқ бөгет.
Жаз емес ол жоқ әлде, менің мұңсыз күнім бе,
Суда қалған қыз ба, әлде, бара жатқан өкпелеп???




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу