06.05.2023
  168


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс туы мәңгілік

«Жеңіс туы көк аспанда желбіресін мәңгілік, жеңіс үні жадымызда тұрсын мәңгі жаңғырып» — деп, бұл жыл сайын тойланатын 9 мамыр Жеңіс күні жайлы жазбамызды бастар болсақ Ұлы Жеңіс күнінің бізге оңайшылықпен келмегендігін, бұл Жеңіс күні сөзінің ішінде көптеген Қазақстандық жауынгерлердің Отанына деген сүйіспеншіліктері мен елінің тыныштығы үшін жасаған ерліктері бар. Соғысқа барып елге оралмай, соғыс жерінде қаза тапқан жерлестеріміз бен соғыс біткен кезде, «Жеңдік» деген, сөздерді естіп, бөріктерін аспанға лақтырып, елге аман-есен оралған ардагерлердің қуаныштары осы Жеңіс күні сөзімен бейнеленеді. Жеңіс күні — ел үшін, Отан үшін ерлікпен қаза тауып, аман-есен елге оралған ардагерлерді еске алып, оларға тағзым етілетін күн.
Жеңісім – салтанат, сән, сәулет,
Жеңісім – береке, бақ, дәулет!
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне де биыл - 78 жыл толып отыр. Жыл өткен сайын соғысқа қатысқан ардагерлер саны азайып бара жатқаны айтпасақ та белгілі. Бірақ ардагерлер жыл санап о дүниелік болып жатқанымен оларға деген құрметіміз азаймайды. Әр жыл сайын 9 мамыр күні болатын «Жеңіс күні» барлық соғысқа қатысқан ардагерлерді еске алып, оларға тағзым етіледі. Тарих беттеріне алтын әріптермен жазылған бұл Жеңіс күні — қаншама жыл өтсе де әр жыл сайын тойланып, ардагерлерге тағзым етеміз. Бұл үрдіс ұрпақтан ұрпаққа жалғанып, жалғасын таба бермек!
Ия, 9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығын көрсесетін, ардагерлердің батылдығын білдіретін, соғыс кезіндегі орын алған қиындықтар мен соғыс жерінде ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың жан айғайының оң нәтижесі. Ал біздің парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау, ардагерлерді еске алып, оларға тағзым ету!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу