Баталар ✍️

  05.05.2023
  200


Автор: Жеңіс күні

Тыныш болсын еліміз


Я,  Жаратқан қабыл ет,
Қабылдаудың қамын ет!
Тыныш болсын еліміз,
Болмасын қайғы-қасырет!
Тыныш болсын жеріміз,
Мұратымыз асыл ет!
Жеңіс күні құтты боп,
Қазақ елі жандансын!
Амандықта,  көңіл тоқ,
Атар сәтті таң болсын!
Тәуелсіздік тұғырлы,
Жаратқаным жар болсын!
Әр шаңырақ берік боп,
Керегесі кең болсын!
Жақсылыққа бастайтын,
Төрт құбыла тең болсын!
Ұлы Жеңіс күнінде,
Қуаныштар көп болсын!
Жанды ауыртар лайым,
Қақтығыстар жоқ болсын!
Ел мерейі үстем боп,
Басымызға бақ қонсын!
Әрбір қазақ баласы,
Жақсылыққа тап болсын!
Бейбітшілік күнінде,
Шаттығы көп сәт болсын!
Жеңіс күні мәңгілік,
Атап өтер шақ болсын!
Әумин! 





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу