Эсселер ✍️

  25.04.2023
  210


Автор: Бірлік күні

1-мамыр ынтымақ пен бірлік күні

1-мамыр, яғни «Бірлік күні»   – Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын айқындайтын мемлекеттік мейрамдар қатарынан табылатын атаулы күндердің бірі де бірегейі. Бұл мереке менің сүйікті мерекелерімнің бірі, өйткені, еліміздегі мекендейтін түрлі ұлттардың бір шаңырақ астында татулықта өмір сүруі, осы мерекеде бір-бірлерін құттықтап түрлі іс-шараларды өткізуі өте ғажайып дүние деп білемін. Әрбір ұлттардың салт-дәстүрлерін көріп, ұлттық тағамдарынан дәм тату бір ерекше күйге бөлейтіні анық. Республика көлемінде тойланып, етегін кеңге жаятын Халықтар арасындағы достастықты көрсететін бұл Бірлік күні әрбір отбасындағы сыйластық пен ынтымақты арттыруға бірден-бір жол салады деген ойдамын. Қазақстан Республикасы әлем елдері ішіндегі татулығы мен бірлігі жарасқан, ынтымағы мен сыйластығы алыстан-ақ байқалатын ел болып танылған десек қате айтпағанымыз болар.
Шынымен де ойлап қарасақ біздің еліміз өте бай, көрікті де әдем қалалары бар і, кереметтей көз тартатын алып ғимараттары бой көтерген әсем де сұлу елдердің бірі деп ауыз толтырып айта аламын. Неге олай айтпасқа, өз елім, өз туған жерімнің мен үшін әрбір тасы алтыннан көмкерілген, әрбір қыры қызғалдақтармен өрнектелген қараса көз тоймайтын ел болып табылады. Сонымен қатар біздің елдің ерекше бір қасеті өзге ұлт өкілдерін өз бауырына басып, оларға қамқор болып, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін құрметтеп, осындай ынтымақ пен бірлік күнінде еліміздегі барлық ұлт өкілдерін құшағына басып, мерекені бірге қарсы алатын бауырмал ел. Ендеше, осындай мерекеде Қазақстан елін мекен еткен барлық ұлттарды, қазақ елін осы келіп жеткен Ынтымақ пен Бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ел бірлігі нығайып, ынтымағы күн өткен сайын жанданып, сыйластығы сарқылмай, Қазақстан еліміз бай қуатты елдердің қатарынан көріне бергей!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу