Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  197


Автор: Сүлеймен Бақырғани

САХАР МЕЗГІЛ ЖЕТКЕНДЕ

Зікір қылсаң Алланы
Сахар мезгіл жеткенде;
Жаннан тәтті бал
-дағы

Сахар мезгіл жеткенде.
Болмай шайтан мазағы,
Тәубә!
– деп жұт тазаны

Түсер Хақтың назары

Сахар мезгіл жеткенде.
Кетті өмірің желге ұшып,
Жатпа ендеше жер құшып.
Ғибадат қыл
– шөл қысып

Сахар мезгіл жеткенде.
Қалмас ғашық қапыда,
Кір жұқтырмас атына.
Күй
– махаббат отына!

Сахар мезгіл жеткенде.
Иман шамын жандыр сен,
Рух шөлін қандыр сен,
Мұңды зарға салғын сен

Сахар мезгіл жеткенде.
Сахар сағат
– ғаламат,
Тән
– рахат, жан
– абат,
Келер дәулет
-сағадат
Сахар мезгіл жеткенде.
Жан өртеніп, әр демім,
Құрыр онсыз дәрменім.
Зікір
– дәрі
-дәрмегім
Сахар мезгіл жеткенде.
Хақ Дидарын мұрат қыл,
Жүрегіңе құлақ түр!

 Зікіріңді айт жылап кіл –
Сахар мезгіл жеткенде.
Құл Сүлеймен сағаты
Жоқ сәріге тағаты.
Зікір – жанның жәннаты,
Сахар мезгіл жеткенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу