12.04.2023
  147


Автор: Ғашықтар күні

Ғашықтардың күнінде

Ғашықтардың күнінде,
Бар жақсылық орнасын.
Бақыт,  шаттық,  қуаныш,
Таба берсін жалғасын!

Ғашықтардың күнінде,
Сәтсіздіктер болмасын.
Жаратқаным жар болып,
Әрбір істі оңдасын!

Ғашықтардың күнінде,
Сыйластықтар көбейсін.
Пәк сезімдер жанданып,
Тынысымыз кеңейсін! 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу