09.04.2023
  125


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 8 бөлім

Үйінде жалғыз өзі тұрады екен. Ата анасы кішкентай кезінде қайтыс болыпты. Барлығына өзі жеткен. Пысық екені көрініп тұр. Байсалды. Сөйлеген сөзі нық. Не де болса әкемді осы келіншек жөнге салады деп ойладым. Бірақ "еркектерден әбден көңілім қалған" деп, басы төмен салбырап қалды.

Үйге келіп әкеммен сөйлесіп, екеуін жолықтырдық. Екі ортада әжем екеуміз жеңгетай болып кеттік. Аралары жақсы болып, түсініскендей болды. Әкем
— Жеңгеңнің қырқы өтсін. Күн жылысын сосын үйге алып келемін! -деді. Әжем болса:
—Нені күтесің? Ертең қызың оқуына кетеді. Ана балаларға кім қарайды?- деген соң, әкем зуылдап барып, үйінен осында алып келіп, шағын дәстүрдің ырымын жасап, отқа май тамызып, үйге кіргіздік. Енді көңіліміз жәй тапқандай болды. Ол келіншектің есімі Әйгерім болды. Не деп атаймын деп жүргенде, ол "менен көп жас кішкентай емессің, есіміммен атай бер" деді.

Оқуға кететін уақытым да болды. Енді бір екі айдан соң бір ақ келемін деп, інілерімді жұбатып тұрмын. Артынша Әйгерімге "әкемнің ішетіні бар, қорқып қалмаңыз. Балаларға баскөз болыңыз" деп кеттім.

Жұмыс жасап, бір жағы оқуымды да ыңғайлап алдым. Азаннан кешке дейін барлығына үлгеремін деп жүріп, денсаулығым да сыр беріп, бүйрегі көп ауырып жүрді. Жатақханаға келе сала шаршап құлайтын болдым. Ештеңеге де зауқым жоқ. Бір жағы үйдегілерді де уайымдадым. Не істеп жатыр екен деп... Хабарлассам бәрі жақсы деп артық әңгіме айтпайды. Інілерімде сені сағындық деп, оқуларының жақсы екенін айтып, қарынымыз тоқ уайымдама деп қояды. Оғанда шүкір. Жағдай бір қалыпқа түскен сияқты деп, үйге бармай жүрдім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу